Социум

Түркиядағы лаңкестік әрекетті жасаған адам жөнінде тың мәліметтер жарияланды

Түркияның Haberler газеті Ыстамбұлдағы терактіге қатысты тың мәліметтер жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шабуыл жасаған күдіктінің аты Ахлам Альбашир. 23 жастағы Ахлам Альбашир Сирия азаматы болып шықты.

Түркияның Haberler газетінің хабарлауынша, жауап алу кезінде ол лаңкестік әрекет жасауға бұйрық Сириямен шекаралас Кобани қаласынан келгенін мойындаған.

Әйел сондай-ақ Таксим алаңында бомба салынған пакетті біреу бергенін айтты.

1200 бейнебақылау камерасы тексерілді. Одан Ахлам Альбаширдің 40 минуттай орындықта отырып, телефон арқылы біреумен жиі хабарласқаны, орнынан тұрып кеткен соң көп ұзамай жарылыс болғанын байқалған. Әйел оқиға орнына таксимен жеткен. Оның мекенжайын тінту кезінде ірі көлемдегі ақша мен алтын тәркіленді.

Оның айтуынша, ақша мен алтынды оған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері Грекияға заңсыз баруы үшін берген.

15 қарашада haberturk басылымы Әділет министрі Бекир Боздагқа сілтеме жасап, шабуылдан кейін ұсталғандар саны 50 адамға жеткенін хабарлады. Қазірдің өзінде ауруханалардан шығарылған жаралылар саны 58 адам болды. 23 зардап шегуші әлі ем қабылдап жатып, оның алтауы жансақтау бөлімінде.

13 қараша күні кешке Ыстамбұлдың орталығында жойқын жарылыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 81 адам зардап шекті, алтауы қайтыс болды. Шабуылда тротил бомбасы қолданылды.

Другие новости

Back to top button