ГлавноеГосорганы

Түркиядағы жол апатында жарақат алған екінші қазақстандық ауруханада көз жұмды

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен тағы бір Қазақстан азаматы ауруханада көз жұмды. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Сырты істер министрлігінің мәліметінше қазақстандық әйел кеше кешкі уақытта Алания мемлекеттік ауруханасында жан тапсырған.

“Қазіргі уақытта марқұмның туыстары ауруханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттар рәсімделген соң мәйіті Қазақстанға жіберіледі. Бұған дейін қаза тапқан отандасымыздың денесі Қазақстанға жеткізілді”, – делінген СІМ хабарламасында.

Еске салайық, Түркияның Анталья курорттық провинциясындағы Алания қаласының маңында қазақстандық туристер мінген шағын автобус жүк көлігімен соқтығысқан еді. Салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Кейін Қазақстан азаматының ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

Другие новости

Back to top button