ГлавноеГосорганы

Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды

Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Анталья қаласындағы ірі жол-көлік оқиғасынан белгілі журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болған еді. Бүгін оның ауруханада ес-түссіз ауыр жағдайда жатқан жұбайы да өмірмен қоштасты.

Айта кетейік, бұған дейін біз жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі – Қазақстан азаматтары. Қайғылы жайтқа орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қайғырып көңіл білдірген болатын.

Другие новости

Back to top button