Выбор редакцииКультура

«Турист сияқты барып келгендеймін». Әнші Қанай Меккеге сапары туралы айтты

Қажылық парызын өтеу үшін Меккеге барған Нұрболат Қанай маңызды сапардағы өкінішімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

 

©instagram.com/qanay.913

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“Шындығымды айтсам ешқандай білім алмай кетіп қалдым. Себебі өзімді лайықты көрмедім. Қағбаны көргенде Алладан ұялғанымнан не тілерімді білмедім. Басымда “Қалай? Қалай?” деген сұрақтар болды. “Сенің алдыңа келіп қалдым”  деп 7 рет қалай айналғанымды білмеймін.
Отбасым, елім үшін дұға жасап аяқтап, ішке келгенде “Неге дайындалып келмедім?” деп қатты өкіндім. Турист сияқты барып келгендей сезімдемін.
Не болса да келесіде Я Раббым нүкте үтіріне дейін дайындалып келемін, – деп жазды әнші.

Қанайдың оқырмандары өнер иесіне қолдау білдіріп, өкінішке толы жазба астына өз пікірлерін қалдырды.

“Бастысы — ниет. Қабыл болсын ниетіңіз!”, “Бармасаңыз бұл сезімді сезінбеуші едіңіз”, “Тілеген дұғаларыңыз қабыл болсын!”, “Бәрімізге бұйырсын”, “Сауаптан жазсын”, – деп жазды желі қолданушылары.

 

Другие новости

Back to top button