Выбор редакцииКультура

«Түрі жаман». Ауруханада жатқан Нұрғали Нүсіпжановтың жағдайы белгілі болды

Қазақстанның Халық артисі Нұрғали Нүсіпжановтың бұған дейін ауруханаға түскенін жазған едік. Әншінің өнердегі інісі Рамазан Стамғазиев оның қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Нұрғали ағамен кеше хабарласып жағдайын сұрадым. «Аға, ауырып қалды деп жатыр? Халыңыз қалай? Аман-есенсіз бе?» деп сұрадым. «Бір аунап тұрдым. Қаттылау келді. Түрі жаман» деп айтты,

— дейді әнші Рамазан Стамғазиев.

Ол өнердегі ағасының 85 жасқа келгенде іштегі бір өкініші барын сезгенін де жеткізді.

Жоғары мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын сездім. Айтатын қаншама әні іркіліп тоқтап тұрғанын, мерейтойын дүркіретіп өткізуіне көңіл бөлінбей жатқанын естіп мен де ойланып қалдым,

— дейді әнші.

Ол қазақ өнерінің қара нарының, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызының күнде 85-ке келмейтінін айтқан.

Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр? Мәдениет министрі, көмекшілері қайда? Оларға айтатын адам жоқ па?

деп қынжылысын білдірді Стамғазиев.

 

Другие новости

Back to top button