Главное

Тұрғын үй мен емделуге жұмсады: тұрғындар зейнетақы жинағынан қанша ақша алды

БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы жинақтарына қатысты мәлімет берді

Қазақстандықтар тұрғын үй жағдайын жақсартып, ем алу үшін зейнетақы жинағынан 3,5 трлн теңге алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға 1 366 484 өтінішін орындаған.

«Отандастарымыздың уәкілетті оператор-банктерде ашылған арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,2 трлн теңгеден астам қаржы аударды. БЖЗҚ емделуге жалпы сомасы 339,3 млрд теңге болатын 418 547 өтінішті орындады», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сома шегінде шексіз рет пайдалана алады.

Другие новости

Back to top button