Социум

Тұман, қар, көктайғақ: еліміздің бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланды

Синоптиктер 29 желтоқсанда Қазақстанны ірі үш қаласында ауа райы қандай болатынын болжады. Сондай-ақ метеорологтар бүгін бірқатар өңіріде дауылдық ескерту жариялап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, бейсенбіде Астанада қар жаууы ықтимал, күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы -9…-11 градус, желдің жылдамдығы 3-8 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда да бүгін күн ала бұлтты болады, күндіз ауа температурасы +1…+3 градусты, түнде -3…-5 градусты көрсетеді деп болжанып отыр. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с.

Шымкент тұрғындарын жауын-шашынды, жылы күн күтеді. Күндіз термометр көрсеткіштері +6…+8 градусты, түнде 0…+2 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Сонымен қатар синоптиктер бірқатар облыстарда дауылдық ескерту жариялады:

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, күндіз солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде тұман күтіледі.

Петропавлда да тұман түседі деп болжануда. Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Сол сияқты өңірде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, желдің жылдамдығы күндіз облыстың батысында 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Ақтауда 29 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз оның екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында оның күші 15-20 м/с. Шымкент пен Түркістанда түнде тұман күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман болады деген болжам бар. Сонымен қатар, 28 желтоқсанның сағат 21.00-ден 29 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Семей, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады. Дәл осындай ескерту 28 желтоқсанның сағат 21.00-ден 29 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша да жарияланды. Автор: Әсел Найман қызы

Другие новости

Back to top button