Социум

Трамп әкімшілігі USAID-тің 2 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан шығарды

АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) президент Дональд Трамптың бастамасымен 2 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан босату туралы электронды хаттар жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Дональд Трамп қайта сайланғаннан кейін мемлекеттік шығындарды оңтайландыру науқанын бастады. Ол 90 күнге дейін шетелдік көмекті тоқтатып, USAID штатын 30 есеге қысқарту жоспарын қолға алды.

Басшылықтағы өзгерістер:

  •  USAID директорының міндетін атқарушы – АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио;
  •  Трамп әкімшілігі агенттіктің басқа да басшылық құрамын жаңартты.

Ақпан айында сот USAID-тың 2 мыңнан астам қызметкерін жұмыстан шығаруға уақытша тыйым салды. 21 ақпанда сот шешімі өзгеріп, Трамп әкімшілігі қысқарту, қызметкерлерді ақысы төленетін демалысқа жіберу және шетелдегі бөлімшелерді жабу шараларын бастауға рұқсат алды.

14 штаттың өкілдері және 26 USAID қызметкері Трамп пен Илон Маскты сотқа берді. Олар Масктың USAID реформаларына жетекшілік етуі Конституцияға қайшы екенін мәлімдеді, өйткені ол Сенат мақұлдауынсыз тағайындалған.

Другие новости

Back to top button