Главное

Тозу деңгейі 70 пайыздан асқан 1 600 шақырым жылу желісі жөнделеді

Жылу желілерін жаңарту үшін қазынадан нысаналы трансферт бөлінуі мүмкін. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Қаржы министрлігіне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Энергетика министрлігі электр стансаларын тексеруді 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқтауы керек. Бұл салада қалыптасқан нақты жағдайды білу үшін тексеру жұмыстары сапалы әрі ешқандай бұрмалаусыз, шынайы жүруі тиіс. Келесі жылдан бастап жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталады. Бірінші кезекте тозу деңгейі 70%-тен асып кеткен жылу желілері ауыстырылады. Мұндай желілер — 1600 шақырым. Екінші кезеңде 4 мың километрге жуық желі жаңартылады. Бұл — өте ауқымды жұмыс әрі көп қаражатты талап етеді», -деген Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне тапсырма берді.

«Бірінші. Өңір әкімдіктері жекеменшік энергетикалық және инфрақұрылымдық объектілердің жағдайын кешенді түрде қарасын.

Жылу желілерін реконструкциялау бойынша қажетті құжаттарды әзірлеу жұмысын бірінші жартыжылдықта аяқтау қажет.

Екінші.Қаржы министрлігі жылу желілерін реконструкциялауды қаржыландыру үшін нысаналы трансферттер бөлу мәселесін пысықтасын.

 

Үшінші.Энергетика және Ұлттық экономика министрліктері екі апта ішінде мемлекеттік энергетикалық бақылауды күшейту тәсілдерін қарастырсын», — деді Үкімет басшысы.

Другие новости

Back to top button