ГлавноеГосорганы

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан» шахтасындағы өртке кінәлілерді атады

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы өртті тексерген комиссияның кінәлілерді анықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Министрдің сөзінше, толық мәліметтерді алдағы уақытта құқық қорғау органдары жариялайды. Бірақ жауаптылардың саны 28 екені белгілі. Олардың арасында бас директордың коммерциялық сауалдар бойынша орынбасары Мохан Винит, материалдық-техникалық жабдықтау бойынша басшы Пойле Шайлендер, Ақ көмір департаментінің техникалық директоры бар.

«Бұлар – тізімдегі лауазымы жоғары тұлғалар. Қалғандары шахта жұмыс істеген қызметкерлер», – деді Шәріпханов.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасындағы өрт 17 тамызда тұтанған еді. Салдарынан 5 кенші көз жұмды.

Апаттан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Қарағанды облысының әкімдігіне өрттің себебін анықтап, зардап шеккендерге толыққанды көмек көрсетуді тапсырды.

 

Другие новости

Back to top button