Культура

Төсек тартып жатқан анасын құйрық маймен емдеген Мақпал Жүнісоваға жұрт сүйсінді

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында төсекте жатқан анасын қойдың майымен сылап, емдеп жатқан видосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

 

“Құйрықтың майын шыжғырып емдеп жіберейік. Таңертең Алланың күшімен жазылып кетесіз. Жақсы ұйықтаңыз. Түн тыныштығын берсін. Осы қолыңызбен мені тарс еткізіп ұрып жіберсеңіз болды”, – дейді әзілдеп қарт анасының асты-үстіне түскен өнер иесі.

Желі қолданушылары анасын еркелеткен Мақпал Жүнісоваға да, қызына еркелеп жатқан кейуанаға да сүйсініп, ақ тілектерін арнап жатты.

“Мақпалжан, бақыттысың. Анамызға Алла ұзақ ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін”, “Ем болсын! Анам болса мен де қолын уқалап беретін едім”, “Апамыздың Мақпал қызына еркелеп жатқаны ғой”, “Тілеуіңізді тілеп отырған анаңыз бар сіз бақыттысыз”, “Жаққан майыңыз анаңызға шипа болсын”, – деп жарыса жазып жатты желідегілер.

 

Другие новости

Back to top button