Госорганы

Төрт жылда әскерде 86 адам өз-өзіне қол салған — Бас әскери прокуратура өкілі

Сенаттағы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев өзіне қол салу фактілері әскерде болады деген қоғамдық пікірді жоққа шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Мақсат Қазиев 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметкер көз жұмғанын хабарлады. 2020 жылы 78, 2021 жылы 96 адам, 2022 жылы 85 адам және 2023 жылдың басынан бастап 11 әскери қызметкер опат болды.

Олардың 36%-ы аурудан, 24%-ы апат салдарынан және 20%-ы суицид кесірінен көз жұмады.

«Өзін-өзі өлтіру жағдайлары баршаны алаңдатады. Түрлі мәліметтер бойынша, халық арасындағы суицид деңгейі бойынша Қазақстан әлемнің 20 елінің қатарына, ал жасөспірімдер арасында алғашқы үштікке кіреді. Құқықтық статистика комитетінің 2018-2022 жылдардағы неғұрлым нақты ресми деректері бойынша, елде 17 631 суицид фактісі тіркелді. Ал 21 332 адам өзіне қол салуға әрекет жасаған. Оның ішінде 86 суицид және 20 өзіне қол салу әрекеті әскерде болды. Демек, өзіне қол салу әскерде жиі болады деген қоғамдық пікір ресми мәліметтермен расталмайды», – деді Қазиев.

Оның айтуынша, әскерде өз-өзіне қол салу фактісінің кейбір жағдайлары заңсыз әрекеттердің салдарынан болды. Соңғы үш жылда қылмыстық әрекеттің әсерінен іскерде 9 адам мерт болды.

Другие новости

Back to top button