Төреғалидың қарындасына күйеуі ең қымбат көлік сыйлады
Соңғы тәулікте Төреғалидың күйеу баласы Дархан Нортаев желідегі жұрттың назарында. Ол келіншегі Фариза Төреәліге тосын-сый жасап, бағалы теміртұлпарды тарту еткен, деп хабарлайды Экспресс К.
Атышулы әншінің өзінен кейінгі қарындасы — Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде өте белсенді әрі блогер. Ол 18 жасында Дархан есімді спортшы жігітке тұрмысқа шыққан еді.
2019 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыпты Instagram-да жеке өміріндегі және жанұясындағы жаңалықтарымен жиі бөлісіп отырады. Бұл жолы Төреғалидың қарындасына күйеуі су жаңа қымбат көлікті сыйға тартқан.
Бұл сыйлықтың орны бөлек. Сенің бар болғаның үшін, менің өміріме мән-мағына бергенің үшін, мені әрдайым қолдап, сенім артқаның үшін бағалаймын. Жарты жыл дайындағын сыйлығымды қабыл ал. Құтты болсын, жан жарым,
Бұл тосын-сыйды Фариза Төреәлі де күтпесе керек, салоннан шыққан Mercedes-Benz көлігін көргенде қуаныштан көзіне жас алғанын аңғаруға болады. Ол жолдасына алғыс айтып, барлық қыз-келіншектерге дәл осындай бақытты тіледі.
Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін дәл осы Фариза Төреәлінің Меккеде еңіреп жылағаны туралы жазса, кейін Төреғалидың орамалдағы қарындасы мен күйеу баласының есіріп билегені жұртқа жақпағаны жайлы материал жариялаған еді.