Культура

Төреғали Төреәлінің қарындасы балалы бола алмауының себебін түсіндірді

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі “балалы болмайсыңдар ма?” дегендерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

 

Блогер көптің көкейінде жүрген сұраққа әлеуметтік желідегі парақшасында жазба арқылы жауап берді.

Жазатын уақыт келді. Бірнеше жылдар бойы тоқтаусыз келетін сұрақ жайлы өз ойым. Жүктілік жайлы. Бала жайлы. Аллаһтың әр бергеніне де, бермегеніне де біз құл ретінде разы болуымыз керек. «Қалағаның болып жатса бір қайыр,болмай жатса мың қайыр ізде» деген. Мен ұзақ күткеннің артында Аллаһым үлкен хайырмен, мен сұрағаннан да еселеп береді үнемі. Соны білемін. Бірақ бастысы дұға менен үмітті тоқтатпау керек дер едім. Енді ғана жасым 22-де. Бар қызық ИнШаАлла әлі алда. Дәл қазір бала сүюді тілеп жүрген, қалап жүрген, күтіп жүрген әр отбасыға Аллаһым саналы, салих ұрпақ нәсіп етсін”, – деп жазды Фариза Төреәлі.

Блогер мұндай сұрақтардың ауыр тиетінін айтып, оқырмандарынан жеке өмірге қатысты сауалдармен мазаламауын сұрады.

“Жазбасам да болар еді, алайда мен сияқты қыздарды сөзбен болса да қолдағым келеді. Күнделікті сұрақтарға үйреніп қалғанмын, бірақ өзінің де, өзгенің де шекарасын сезбейтін, өзіне қатысы жоқ нәрсеге араласатын адамдардың істері жағымсыз сезім алып келетіні өтірік емес. Дәл солай қаншама қыздарға да көрінген адамнан “қашан күйеуге шығасың, отырып қалатын болдың ғой?” , “қашан туасың, қанша жыл болды ғой?” сынды сұрақтарды есту ұнайды деп айта алмаймын. Өзгенің өміріне шектен тыс араласу — мәдениетке де, иманға да жатпайды. Себебі хадисте былай деген: «Көркем мұсылманның белгісі – өзіне қатысы жоқ нәрсені тастауы»,– деген. Сондықтан сіз де, біз де өзгенің көңіліне қарап сөйлеуді, шекара дегенді біліп жүрсек жаман болмайды”, – делінген жазбада.

 

 

Другие новости

Back to top button