ГлавноеГосорганы

Тоқаевтың төрағалығымен Атырауда ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы 15 наурызда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құрылтай Атырауда болады.

Қаңтарда ұлттық құрылтай құрамы жаңарған еді. Құрылтайдың жаңа мүшелері:

  • Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева;
  • «Қазақстан корейлер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин;
  • Еңбек ері, №7 Семей орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова;
  • Парламент мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев пен Никита Шаталов;
  • Басқарма төрағасы – Zhubanov University ректоры Лаура Қарабасова;
  • Жеңіл атлет Айсұлу Сүлейменова;
  • Дүнген этносының жетекшісі Лұғмар Буларов;
  • Тележүргізуші, «Азаттық рухы» ақпарат агенттігінің журналисі Кристина Гринько.

Еске салсақ, 17 маусымда Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтті.

Другие новости

Back to top button