Госорганы

Тоқаевтың сенімді өкілдері сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды

Қалалық штаб өкілдері алматылықтармен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Алматыдағы Әлеуметтік қызметтер үйінің мәжіліс залында меншік иелерінің бірлестігі (МИБ) мен пәтер иелері кооперативінің (ПИК) жетекшілерімен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Басқосуды ашып, сөз сөйлеген қалалық штаб жетекшісінің бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев елімізде өтетін сайлаудың маңызына тоқталды. Тағдыршешті кезеңде енжар қалмай, белсенді болып, тұрғындарды сайлауда өз таңдауын жасауға шақырды.

«Азаматтар үшін ең маңыздысы – халықтың әл-ауқатының артуы. Елдегі экономикалық жетістіктерді әр қазақстандық сезінуі тиіс. Бұл – әділдіктің белгісі. Сондықтан алдымызға нақты мақсаттар қойып отырмыз. Оған қол жеткізу үшін біз үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуіміз керек», — деді М.Отыншиев.

Сондай-ақ сайлауалды бағдарламада еңбек адамының өзекті мәселелері көрсетілгенін тілге тиек етіп, бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып өтті.

 

Бұдан бөлек, қалалық штаб мүшесі Болат Садықов көпшілікке бұл жиынның мәні мен мазмұнын түсіндіріп, елдің келешегін айқындайтын кезде баршаны белсенділік танытуға шақырды. Жастар арасында ұлттық құндылықтарды ұлықтау және оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілді дамыту мен халқымыздың мәдениеті, салт-дәстүрін насихаттау тұрғысындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдарын жеткізді.

Кандидат тұғырнамасындағы көтерілген қарапайым еңбек адамын толғандыратын өзекті мәселелер көпшіліктің көңілінен шықты. Кездесу барысында қызметкерлер кандидаттың сенім білдірген өкілдеріне өздерін толғандырған мәселелер туралы айтып, сұрақтарына жауап алды.

Айта кетейік, Әлеуметтік қызметтер үйі – бұл қала тұрғындарына «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік және әлеуметтік сипаттағы қызметтерді алуға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Күн сайын мұнда халыққа 400-ден 600-ге дейін түрлі қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 750-ден астам мемлекеттік қызмет түрін алуға болады.

Другие новости

Back to top button