ГлавноеГосорганы

Тоқаевтың Атырау облысына жұмыс сапары басталды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысы жұртшылығымен кездесті.

Бүгін сіздермен шежіресі бай, қазынасы мол Атырау жерінде кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қойнауы қара алтынға толы бұл аймақ еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда, — деді Президент.

Ақ Жайықтың атырабы әрдайым Қазақстанның экономикалық тірегі болып келеді.

Шын мәнінде, тәуелсіз ел ретінде аяққа нық тұруымызға Атырау тұрғындарының рөлі маңызды болды. Бүгінде мұнайдың бағасы едәуір жоғары тұр. Осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын мен Үкімет басқарған кезде мұнайдың бағасы 10-15 доллар еді. Ірі кен орындары игерілмеген, заманауи технология келе қоймаған шақ болатын. Мұнайды экспорттау жолдары шектеулі, өте қиын заманды бастан өткердік, — деді ол.

Мемлекет басшысы өңірде мұнайшылық байырғы кәсіпке айналғанын айтты.

Сіздер сол аса күрделі кезеңде елімізді дамытуға атсалысып, еңбек еттіңіздер. Қазір де мемлекетімізді нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып жатырсыздар. Сол үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл өңірде мұнайшылық байырғы кәсіпке айналған. Қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебаевтың жолын ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Другие новости

Back to top button