Госорганы

Тоқаев табиғатқа немқұрайлы қарамайтын азаматтарды бірігугеге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев игі іске табиғатқа немқұрайлы қарамайтын азаматтарды біріктіруге шақырды, деп  хабарлайды БортN1 телеграм каналы.

«Павлодар мен Екібастұз жастары «EcoStudentKZ» республикалық экологиялық челленджін қолдап, студенттердің саябақтар мен гүлзарларды тазартқанынан хабардармын. Қоршаған ортаға қамқорлық туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратындықтан, мұндай іс-шаралар көбірек болуы тиіс деп есептеймін.

Сондықтан менің ұсынысыммен Астана мен Алматы қалаларында «Қоқыссыз таза табиғат» атты жалпыұлттық акция басталды. Бұл игі іс табиғатқа немқұрайлы қарамайтын азаматтарды біріктіруге арналған.

Бұл бастамаға қоғамдық ұйымдар, азаматтық белсенділер, студенттер мен еріктілер қосылатынына сенімдімін»

Другие новости

Back to top button