![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/08/img_6441-780x470.jpeg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.