Госорганы

Тоқаев Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапарымен барады

Саммит аясында екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапарымен барады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.

Другие новости

Back to top button