Госорганы

Тоқаев Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін Ақорда хабарлағандай, бүгін Астанада Манас батырдың ескерткіші ашылады.

«Өзара мәдениет күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Жастар арасындағы ықпалдастық күшейді. Білім беру саласында тәжірибе алмасып жатырмыз. Бүгін өзіңізбен бірге Астанада әйгілі Манасқа ескерткіш ашамыз. Осының бәрі қазақ-қырғыз қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Біз оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз», – деді келіссөздер кезінде Тоқаев.

Другие новости

Back to top button