Госорганы

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», – делінген хабарламада.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 24-25 сәуір күндері Астанадағы президенттік орталықта өтеді.

Другие новости

Back to top button