ГлавноеГосорганы

Тоқаев өзін сайлауға кандидат ретінде ұсынған халықтық коалицияға алғыс білдірді

Бүгін Мемлекет басшысы Республикалық қоғамдық штабқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Мемлекет басшысы Республикалық қоғамдық штабта сөйлеген сөзінде өзін сайлауға кандидат ретінде ұсынған Халықтық коалицияға алғысын білдірді.

«Қазақстанда жаңа саяси оқиғалар орын алып жатыр. Биыл 20 қарашада Президент сайлауы өтеді. Ең алдымен, маған сенім артып, сайлауға кандидат ретінде ұсынған халықтық коалицияға алғысымды айтамын. Маған Парламенттегі саяси партиялар және түрлі саладағы қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен ел ағалары, еңбек адамдары, жастар хат жолдап, тілектерін білдіріп жатыр. Бұл – мен үшін зор мәртебе», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Другие новости

Back to top button