Тоқаев жетінші рет президент болған Лукашенконы құттықтады
Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақорданың хабарлауынща, Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтаған. Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылаған.
Беларусь президенті Александр Лукашенко 86 пайыз дауыспен жетінші рет президент болып сайланды.
ЛУКАШЕНКО
Беларусьті 1994 жылдан бері Александр Лукашенко басқарады. Ол өзін жетінші рет президент сайлауына үміткер ретінде тіркеп отыр. 1994 жылы 20 шілдеде президент ретінде ол алғашқы антын қабылдаған. Тоқсаныншы жылдары ол миллиондаған азаматтардың сеніміне жылдам ие болып, содан бері алты сайлау циклынан өтті. Лукашенко әлемдегі ең ұзақ ел басқарған саясаткерлердің ондығына кіреді әрі өз қызметінен бас тартатындай ниеті жоқ.
ЕҚЫҰ Беларусьте өткізілген соңғы (2020 жылғы) сайлауды бұрмалаудың даусыз дәлелдері бар, ал күш органдары бейбіт демонстрацияларға жауап ретінде адам құқықтарын жаппай бұзды, соның ішінде азаптауды қолданды деп ашық сынаған болатын.