Главное
Тоқаев Италья премьер-министрін Ақордада қарсы алды

Астанадағы Ақорда резиденциясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда залында құрмет қарауылы сап түзеді. Тоқаев пен Мелони бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Италияның әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін олар отырыс залына қарай бағытталды.
Айта кетері, бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони Астана халықаралық форумының арнайы сессиясына қатысқан. Шарада Италия премьер-министрі қазіргі геосаяси ахуал және өңірлік ынтымақтастық туралы сөз сөйледі.