Главное

Тоқаев энергетика министрін тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», — делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.

  • Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
  • 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
  • 2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
  • 2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
  • 2022 жылғы шілде айынан бастап 2023 жылдың маусым айына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
  • Ал 2023 жылдан бүгінге дейін энергетика вице-министрі болды.

Другие новости

Back to top button