Госорганы
Тоқаев Ақордада ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, Әбдіров президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары туралы баяндаған.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.