Главное

Тоқаев әлемнің ең бай адамдарының бірімен кездесті

Үндістандық «Adani Group» конгломератының басшысы Гаутам Адани Астанаға келді

Мемлекет басшысы Adani Group компаниясының президенті Гаутам Аданиді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq RuhyАқорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында ұзақмерзімді және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Президент үндістандық мультиұлттық Adani Group конгломератының өңірдегі көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына оң  баға берді.  Мемлекет басшысы Қазақстан көлік бағыттарын әртараптарандыру жұмыстарын жүргізіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті.

«Өз кезегінде Гаутам Адани Мемлекет басшысына компания энергетика, мұнай-химия, жаңартылатын энергия көздері және экономиканың басқа да маңызды секторларында Қазақстан тарапымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін айтты», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button