ГлавноеГосорганы

Тоқаев АЭС жайлы: Ресейдің ұсынысын бағалаймыз, әйтсе де түпкі шешім референдумда қабылданады

Ресейлік БАҚ-қа сұхбат берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі АЭС құрылысы жөнінде айтып өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады, – дейді президент.

Тоқаев е​​​​​Екінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіретінін атап өтеді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болатынын жеткізеді.

– Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады, – делінген сұхбатта.

Другие новости

Back to top button