Культура

«Толық адамдарды жек көремін»: Меруерт Түсіпбаеваның дене бітімге қатысты пікірі жұртқа жақпай қалды

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева қандай адамдарды ұнатпайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі “Иірім” бағдарламасына сұхбат беріп, артық салмағы бар адамдарды ұнатпайтынын жасырмады.

“Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды жек көремін. Бірақ оның денсаулығы жоқ шығар, сондықтан кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын өз салмағына қарау керек. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Денсаулыққа да байланысты болуы мүмкін», – деді әнші.


Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншіні сынап тастады.

“Семіз адамдарды сен көтеріп жүрсің бе?”, “Санасыз сөйлеудің де жөні бар”, “Әншісымақтардың ақыл айтқаны керек еді”, “Оқыған адам олай айтпайды”, “Осы сөзің үшін семіріп кетуің мүмкін”, – деп жазды қалың көпшілік.

Еске салайық, «Енем маған айтпай, күйеуімді үйлендіріп жіберді» деген Меруерт Түсіпбаева тұрмыста болған жылдарын есіне алған еді.

Другие новости

Back to top button