«Толқынның бас әрпі»: Төреғали Төреәлі «ТТТ» сөзінің қайдан шыққанын айтты
Танымал әнші Төреғали Төреәлі “ТТТ” сөзінің мағынасын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі халық үшінші “Т” әріпін өздерінше тарқатып алғанын айтты.
“ТТТ” сөзіндегі “ТТ” – Төреғали Төреәліұлы деген екі сөздің бас әрпі екенін көпшілік біледі. Алайда үшінші “Т”-ның шешімін біле бермейді. Дегенмен, ел ішінде әркім өзінше тарқатып айтып жүр екен. Біреулер туған жері Төретам деген сөздің бас әрпі десе, біреулер әйелі “Толқынның бас әрпі” депті.
Руым да Әлімнің ішіндегі – Татыран”, – деп әңгімесін бастады әнші.
Көптен жасырған үшінші “Т” әрпінің баламасын қария тапқан көрінеді.
“Қызылорда қаласында өткен кештерімнің бірінде залдан бір қария шығып батасын беріп болып: “Маған, бір сұрағым бар еді. “ТТТ” дегендегі үшінші “Т” Татыран деген сөз деп естіп едім, сол рас па?” деді. Мен: “Жоқ, ата, үшінші “Т” Татыран деген өтірік. Бірінші “Т” –Татыран” дедім. Атам жүзі жадырап, бір қуанып қалды. Шамасы, аталасым болса керек. Жүзге бөлінгенім емес, жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой. Негізі, ешкімге айтпап едім, атам қайдан естіді екен. Шынымен, үшінші “Т” – Татыран атамның есімінің бас әрпі болатын”, – деп түсіндірді өнер иесі.
Еске салайық, Төреғали Төреәлі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен сәтін есіне алған еді.