Алматинская область

ТЖМ даланы өртеген ер адам өз қызметкері екенін мойындады

Қазіргі уақытта қызметтік тергеп-тексеру тағайындалды

ТЖМ Алматы облысында далаға өрт қойып жүрген ер адам өз қызметкері екенін мойндады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Даланы өртеп жүрген 39 жастағы ер адамды жолай өтіп бара жатқандар көріп, полицияға хабарлаған. Жанат Утеулиев Алматы қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеп келген. Сержант заматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарған.

«Ж.Е. Утеулиевті Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 1-бөлімінің 440-бабы және 1-бөлімнің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тексеру шаралары барысында Ж.Е. Утеулиев құрғақ шөпті өртеу бойынша өз әрекетін түсіндіре алмаған, себебі ол қатты мас күйінде болған», — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта қызметтік тергеп-тексеру тағайындалды.

 

Другие новости

Back to top button