Госорганы

Тісімді батырып, ақысын жеген адамдардан кешірім сұраймын — Қайрат Сатыбалды (ВИДЕО)

Қайрат Сатыбалды халық пен президенттен кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Бүгін Өскемен қаласының №2 соты қаржы жымқырды деген айыппен 6 жылға түрмеге тоғытылған Қайрат Сатыбалдының жазасын жеңілдетіп, бас бостандығынан шеттету жазасына ауыстырды.

«Қадірлі Сот, қадірлі қазақ елі, кез-келген азамат үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік болуға тиіс. Халқымызда сөз бар, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды деген. Мен жасаған қателіктерімді мойындаймын. Маған қатысты қылмыстық іс бойынша мен органдарға көмектесіп бүкіл заңсыз қаржыны қайтарып жатырмын. Елден заңсыз шығарған активтерді қайтару елдің ырысын өзіне қайтару деп білемін. Бұл мемлекет басшысы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі… Кезінде тісім батқан, ақысына кірген адамдардан және мемлекет басшысынан кешірім сұраймын», — деді ол.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды бүгінгі күнге дейін Қазақстанға 783 млрд теңгенің активтерін қайтарды. Енді ол 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын өтейді.

Другие новости

Back to top button