Выбор редакцииНур-Султан

«Тіс жұлғаннан кейін өле жаздады»: Астанада тісін жұлдыртқан қыздың денесіне ірің жайылып, бірнеше ота жасалды

Астана қаласының № 2 көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 28 жастағы қыздың өмірін сақтап, оның ағзасындағы іріңді үдерісті тоқтатты. Ол бір жарым айда үш отадан өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

11 қарашада қыз тамағы ауырып тұрғандықтан, дәрігерлерге жүгінді. Дәрігерлер ауыр іріңді-қабыну ауруын байқады. Оның жағдайы нашар еді. Мұның бәрі тіс жұлудан басталғаны анықталды. Содан ауыз қуысы флегмонасы пайда болып, ол мойынның терең бөліктеріне жайылған. Әрі қарай, ірің кеудеге кетті.

Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дәурен Әбілдин мұндай жағдайда 90%-ы тірі қалмайтынын айтты.

«Қыздың аман қалғаны – керемет жағдай! Қыздың денесіндегі іріңді  тоқтата алдық», – деп атап өтті анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Азамат Маткенов.

Бір жарым айдың ішінде қызға үш ота жасалды. Ол күнделікті процедуралар, таңғыштар мен тыныс алу жаттығуларын жасауға мәжбүр болды. Сонымен қатар, оған арнайы тамақтандыру қажет. Ол толық қалпына келгенге дейін өздігінен жұтып, тамақ іше алмады.

Науқасты құтқаруға жақ-бет, кеуде және іріңді хирургия, реанимация және анестезиология бөлімшелерінің, эндоскопиялық бөлімшенің дәрігерлері, клиникалық фармакологтар, пульмонологтар және реабилитологтар қатысты.

Другие новости

Back to top button