Культура

TikTok Қазақстан брендтерін жарнама саласындағы Ad Awards креативті жүлдесіне қатысуға шақырады

TikTok Азия мен Африкада, оған қоса Қазақстанда бірінші TikTok Ad Awards жүлдесінің басталғанын хабарлады.  Марапат креативті бастамалары TikTok-тың шынайы атмосферасымен табиғи түрде үйлесім тапқан, тамаша қолданушылық тәжірибенің жаңа мүмкіндіктерін ашатын және жоғары тиімділігімен айрықшаланған брендтер мен жарнамалық агенттіктерге арналған.

Марапат брендтерді көрнекті нәтижелерге жеткізген жарнамалық кампаниялардың ең жарқын да, шабыт беретін мысалдарын біріктіреді. Сыйлықтың басты мақсаты – өңірлердегі бизнес өкілдеріне өздерінің жарнамалық стратегиялардағы шығармашылық деңгей мен инновациялық шешімдерге деген ұмтылысын көрсетуге мүмкіндік беру. Жүлдеге қазақстандық компаниялардан бөлек, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Африка мен Пәкістанның брендтері таласа алады.

TikTok платформада жарнамалық кампанияларын жүзеге асырған қазақстандық брендтер мен агенттіктерді TikTok Ad Awards жүлдесінің алты номинациясына қатысуға өтінім беруге шақырады. Атаулы сыйлықтың әрқайсысы TikTok-тағы жарнамалық науқандардың сәтті болуындағы қажетті, шешуші қырларының бірін көрсетеді:

  1. It’s the Creative for me (Шығармашылық әлеует): Қатысу үшін бәрінен бұрын креативті идея мен стратегия маңызды. Бұл санатқа TikTok-тағы кампанияларын жүзеге асыруда батылдық танытқан, креативтілік шекарасын ығыстырып, көрнекті нәтижелерге қол жеткізген брендтер мен агенттіктер қатыса алады.
  2. Community Core (Қауымдастық үні). Бұл жерде креаторлардың ең үздік қатысулары мен платформа қауымдастығымен ең тиімді жұмыстары атап өтіледі.
  3. Bougie on a Budget (Мәселе қаражатта емес). Бұл санат бюджеті мен ресурстары шектеулі болғанына қарамастан, табиғи және ақылы контентті біріктіріп, платформа қауымдастығын таң қалдыра отырып, барынша тиімді нәтижелерге қол жеткізген компанияларға арналған.
  4. Sound On Please! (Толық дыбыс!) Дыбыстық әсерді шығармашылық идеяның өзегіне айналдырып, жарнамалық кампанияларды барынша жарқыратып жүзеге асырған компанияларға арналған.
  5. The Trendsetter (Трендсеттер). Көптеген брендтер TikTok жарнамалық құралдарының кең каталогын пайдаланады. Бірақ, кейбіреулер мұны платформа аудиториясын тартатын, кейін мыңдаған қолданушылар таңдайтын трендтерді соншалықты ерекше әдіспен жасайды. Егер сіз солардың бірі болсаңыз, осы санат бойынша батыл өтініш беруіңізге болады.
  6. The People’s Choice (Көрермендер таудауы). Бұл санат бойынша марапаттау салтанатының қонақтары көп дауыс берген кампания жеңеді.

Сыйлықтың басты жеңімпазы ең жоғары марапатқа ие болады: The Greatest Of All Time (The G.O.A.T). Ол креативтілігімен көзге түскен және қалаған нәтижеге ең тиімді қол жеткізген ең үздік кампанияға беріледі. Сыйлықтың мақсаты – мәдениеттің жарқын үлгісін жасай алған, қолданушыларға қуаныш пен ләззат сыйлай алған және тұтас алғанда TikTok қауымдастығына оң ықпал еткен брендті атап өту.

G.O.A.T. жүлдесіне алты санаттың кез келгені бойынша өтінім берген барлық қатысушылар автоматты түрде үміткер бола алады.

https://tiktok-ad-awards.evessiocloud.com/ сайтында  марапат туралы егжей-тегжелі білуге және оған қатысуға өтініш беруге болады.

Брендтер мен агенттіктерге шығармашылық қабілеттерін, өзіндік ерекшеліктері мен аудиториямен тиімді араласу қабілетін дайындауға және көрсетуге жеткілікті уақыт беру үшін өтінім берудің соңғы мерзімі – 2024 жылдың 6 қыркүйегі деп белгіленді. Жеңімпаздар қараша айында жария болады.

«Біз әрқашан Қазақстаннан шыққан брендтердің TikTok-та паш ететін креативтілігі мен көрнекті нәтижелерін атап өтуге тырысамыз. Сондықтан да қазақстандық компаниялар мен агенттіктерді TikTok Ad Awards марапатына қатысуға қуана шақырамыз», – дейді
Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы TikTok Global Business Solutions компаниясының бас директоры Анастасия Панина. – «Марапат шығармашылық шекараларын кеңейтіп, аудитория тарта отырып, жаңа мәдени үлгілерді жасайтын және миллиондаған қолданушыларға қуаныш сыйлайтын кампанияларды әлемге танытуға бағытталған. Біз Қазақстан мен басқа да елдердің қатысушыларының өтінімдерімен танысып, бағалайтын күнді тағатсыздана күтеміз».

TikTok Ad Awards жүлдесінің жаңалықтарын қадағағалаңыз: https://tiktok-ad-awards.evessiocloud.com/

 

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.

 

Другие новости

Back to top button