Культура

TikTok #Наурыз2025 жыл сайынғы онлайн-фестивалін жариялайды

Наурыз құрметіне арналған ауқымды онлайн-фестиваль аясында TikTok үшінші жыл қатарынан Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі пайдаланушыларды біріктіріп отыр. Қазақстандықтар #Наурыз2025 арнайы хэштегі бойынша бастамаға қосылып, ең үздік мерекелік сәттермен бөлісе алады.

  • Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі және «Kazakh Tourism» ҰК қолдауымен өтуде.
  • TikTok еліміздің ірі қалалары — Астана, Алматы және Шымкент қалаларында халықтық мереке алаңдарында алғаш рет арнайы интерактивті аймақтар орнатады.

TikTok — Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген пайдаланушылар өз мәдениетінің сұлулығымен, бірегей дәстүрлерімен бөлісетін, сондай-ақ көктем мерекесі Наурыз секілді маңызды оқиғалар аясында бірігетін орынға айналды. Дәстүр бойынша, TikTok қазақстандықтарға сүйікті мерекесін жақындарының ортасында ғана емес, сондай-ақ платформа пайдаланушыларының миллиондаған аудиториясымен мерекелік көңіл-күймен бөлісуге мүмкіндік береді. #Наурыз, #наурыз2023, #наурыз2024 хэштегтері бойынша қазақстандықтар 100 мыңнан аса жарияланым әзірледі.

Биылғы жылы TikTok пайдаланушылардың мерекеге дайындығын, оны қалай атап өтетінін бөлісуге шақырады. 20 наурыздан 2 сәуірге дейін #Наурыз2025 хэштегі бойынша платформа пайдаланушыларды ұлттық тағамдар, сән, аңыздар мен дәстүрлер, музыка, би, қалалар мен ауылдардағы мерекелеу туралы түрлі тақырыптарда мазмұн жариялауды ұсынады.

Бастаманы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism» ҰК қолдап келеді, ал биыл жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауына ие болды. Жобаға Қазақстанның жоғары оқу орындары белсенді қатысуда: Наурызға әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің түрлі факультеттерінің студенттері дайындалып үлгерді — журналистика, биология, география, мехмат және тағы басқалары. Satbayev University қабырғалары мереке рухына бөленсе, Бөкетов ат. Қарағанды зерттеу университетінде домбыра үні сыңғырлайды, Yessenov University-де дәстүрлі спорт түрлерінен жеңіске жету үшін жарысуда, ал М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті халықтық дәстүрлер күндерін өткізуде.

Жобаны танымал TikTok креаторлары да қолдап отыр: дарынды домбырашы Жақсылық Мұхаметжанов @zhakso_ «Қамажай» әнінің өз нұсқасын ойнап шықты, саяхат контентінің авторы Әсет Мырзабаев @travelove100 сүйікті мерекесін жақсы көңіл-күймен күтетінін білдірсе, @ult_kazynasy білім беру жобасының қатысушылары Наурыз туралы қызықты деректермен бөліседі.

Сондай-ақ Tik Tok пайдаланушыларына тікелей эфирде мерекелік бағдарлама дайындады:

  • 19 наурыз, сағат 19:00-де дарынды домбырашы @zhakso_онлайн өнер көрсетеді
  • 19 наурыз, сағат 20:00-де қазақстандықтарды @bylapshin.kz паста-шефтан бешбармактың итальяндық нұсқасы бойынша бірегей аспаздық шеберлік сыныбы күтеді
  • @ult_kazynasy білім беру жобасы 20 наурыз, сағат 15:00-де Шымкенттегі Наурыз мерекесінен, ал 22 наурыз, сағат 14:00-де Түркістаннан тікелей эфир өткізеді.

Биыл TikTok Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алғаш рет мерекелік интерактивті аймақтар орналастырады. Аталған қала тұрғындары жобаға арналған бейнероликтерін мерекелік интерьерде әзірлеп, оларды жоба хэштегі бойынша қосымшаға жүктеп, конкурсқа қатыса алады. Платформаның ресми интерактивті кеңістіктерін келесі мекен-жайлардан табуға болады:

  • Астана: «ЭКСПО» ХКО, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1
  • Алматы: Төле би мен Панфилов көшелерінің қиылысында
  • Шымкент: Арбат, Әл-Фараби алаңы, 2/10

«Наурыз – ұрпақтарды біріктіретін мереке және #Наурыз2025 фестивалі сияқты бастама арқасында қазақстандық жоо студенттері мен оқытушылары жастар арасында мәдени дәстүрлерді сақтап, оны насихаттай алатыны қуантады. Ғылым және жоғары білім министрлігі жобаны қолдайды, себебі ол креативтілікті, ұлттық сана-сезім мен цифрлық құзыреттілікті дамытуға ықпал етеді», деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатовна Щеглова.

«Жыл сайын туристердің шынайы саяхатқа деген қызығушылығы артып келеді. Олар еліміздің бірегей мұрасы мен атмосферасымен танысуға асығады. Наурыз мейрамы ата-баба дәстүрлерімізді көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет ретінде ерекше мәнге ие. Сондықтан біз, Visit Shymkent, Алматы туризм бюросы, Astana Tourism секілді жергілікті ведомстволармен бірлесіп, #Наурыз2025 онлайн фестиваліне қолдау көрсетуге қуаныштымыз», деп атап өтті Kazakh Tourism   ұлттық компаниясының басшысы Қайрат Сәдуақасов.

«Наурыз — қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі және соңғы екі жылда TikTok еліміздің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушыларды сүйікті мерекесі жайлы, халық дәстүрлерінің тереңдігі мен сұлулығы жайлы ондаған мың бейнеролик жасауға шабыттандырғанын мақтан тұтамыз. Біз қазақстандықтардың TikTok-ты өзін-өзі көрсетіп, ұлттық мәдениетті шығармашылық тұрғыдан қайта ұғыну жолындағы кеңістік ретінде пайдалануы үшін бар күшімізді саламыз», деп бөлісті TikTok Шығыс Еуропа мен Орталық Азия Операциялық бөлімінің басшысы Саиф Муджахид.

 

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.

 

Другие новости

Back to top button