Культура

TikTok LIVE-қа арналған жаңа монетизациялау ережелерін ұсынады

TikTok тікелей эфирлерді монетизациялауды реттейтін жаңа ережелерді, сондай-ақ авторларға қауіпсіз және позитивті тікелей эфирлерді жасауға көмектесетін білім беру ресурстарын енгізуде.

2024 жылдың 23 мамырынан бастап TikTok платформасында қолданушы тәжірибесін жақсарту мақсатында орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді Тікелей эфирді монетизациялау ережелері  күшіне енеді және қосымша білім беру ресурстары пайда болады.

Осы ережелерге сәйкес, кейбір жағдайларда авторлар TikTok LIVE тікелей эфирлері кезінде шынайы емес немесе сапасыз контент үшін сыйақы ала алмайды. Көптеген авторлар осы ережелерді сақтағанымен, оларды бұзғандар хабарландыру алады және олардың монетизация мүмкіндіктері шектелуі болуы мүмкін. Дегенмен, TikTok-та қандай контентке, соның ішінде LIVE-қа қатысты рұқсат етілген негізгі стандарттарды TikTok Қауымдастық ережелері мен қызмет көрсету шарттары  орнатады.

Сонымен қатар, TikTok жаңа авторлардың тікелей эфирге қол жеткізу мүмкіндіктерін жетілдіруде. Платформа қазірдің өзінде авторларға саладағы ең қатаң талаптарды қоюда: эфир жасау үшін авторлар кемінде 18 жаста болуы керек және олардың  тіркеулік жазбасы қосымша талаптарға сай болуы керек.

Енді TikTok-та эфир жүргізіп бастаған жаңа авторлар платформа ережелерін жеткілікті уақыт аралығында үйренуі үшін монетизация мүмкіндіктеріне біртіндеп қол жеткізеді. Бұндай қадам авторлардың тікелей эфир жүргізу ережелерін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Бұған оларға көмектесу үшін TikTok жаңа LIVE қауіпсіздік орталығын іске қосады, сонымен қатар  қолданбадағы LIVE білім беру орталығын жаңартады, мұнда авторлар ереже бұзушылықтары туралы ақпарат және қосымша білім ала алады.

«Біз бұл жаңартулар авторлар мен көрермендер үшін позитивті және қауіпсіз тікелей эфир тәжірибесін қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдіміз. Авторлардың басым көпшілігі біздің қауіпсіздік ережелері мен монетизация нұсқауларымызды орындап жүр және біз де TikTok-тағы тікелей эфирлерді модерациялауға арналған ресурстарды, құралдарды және процестерді жетілдіруді жалғастырамыз», — деп түсіндірді TikTok.

Бұл жаңартулар TikTok-тың тікелей эфир қауіпсіздігін нығайтудағы және контент сапасын сақтаудағы тұрақты инвестицияларының бір бөлігі болып табылады. Әлем бойынша 40 000-нан астам адам, сондай-ақ ең инновациялық технологиялар қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына жұмылдырылған, оның ішінде арнайы тікелей эфирлерді бақылау топтары мен модельдері де бар. TikTok арнайы авторлар үшін 10-нан астам қауіпсіздік құралдарын, сондай-ақ көрермендерге эфирлерді өздеріне ұңғайлы түрде баптауға көмектесетін мүмкіндіктерді ұсынады.

 

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.

 

Другие новости

Back to top button