Госорганы

«Тергеліп жатқан әйел аурухана терезесі арқылы қашып кеткен». Оны күзеткендердің басы дауға қалды

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкері күдіктінің қашып кетуіне жол беріп алғаны үшін қызметтен қуылып, кейін сот арқылы қызметін қайтарып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы болып істеген аға сержант Р. N4 қалалық ауруханасына жатқызылған қамаудағы азамат А.ны дәлізде күзетіп тұрған. Ал палатада А.-мен  инспектор-психолог әділет лейтенанты Ж. болған.

Таңғы сағат 4 шамасында қамауға алынған азамат оны күзетіп тұрған әділет лейтенантының ұйықтап кеткенін пайдаланып, төсектің екі жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы қашып кеткен.

Кейіннен А. ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалған. Ал оны есік сыртында дәлізде күзетіп тұрған Р. қызметтік тәртіпті өрескел бұзды деп танылып қызметінен босатылған.

ЖЕРГІЛІКТІ СОТТАР

Аға сержант мұнымен келіспей, жұмысын қайта қалпына келтіру талабымен сотқа жүгінген.

Жергілікті соттар жұмыстан босатудың заңдылығын көрсетіп, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

ЖОҒАРҒЫ СОТ

Жоғарғы сот істі қарап, бірқатар себептер бойынша талап қоюды қанағаттандырды.

“ҚР “Құқық қорғау қызметі туралы” Заңында қызметтік тәртіпті өрескел бұзу негіздерінің нақты тізбесі көрсетілген, бірақ талап қоюшыға тағылған бұзушылық олардың құрамына кірмейді және онымен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайды. Талап қоюшы (ер адам) әйелді күзетпеуі керек еді, өйткені Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторындағы адамдарды қорғау және қадағалау қағидаларына сәйкес, егер күдікті немесе айыпталушы әйел ауруханаға жатқызылса, онда оны күзету үшін әйел-бақылаушылар тағайындалады” делінген хабарламада.

Сот барысында жауапкер тарапынан тергеудегіні күзетуді ұйымдастыруда бұзушылықтарға жол берілгені анықталған, әрі А.-ны терезелері тормен жабдықталмаған, жеке есігі жоқ бөлмеге орналастырған.

Другие новости

Back to top button