Туркестанская область

«Тексеріс кезінде қаржы жымқырды деп айыпталған»: Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады

Түркістан облысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің бухгалтері өз-өзіне қол жұмсады. Деректерге сай, маманға жемқорлыққа байланысты тексеріс кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Оtyrar” порталына сілтеме жасап хабарлайды Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады.

«25 қаңтарда Мақтаарал ауданының полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша суицид жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазір (суицидке дейін жеткізу бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», — делінген хабарламада.

Өткен жылдың соңынан бастап Түркістан облысының білім басқармасында жемқорлыққа байланысты тексеріс жүргізілген. Экономикалық тергеу департаменті өз-өзіне қол жұмсаған бухгалтерге қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын да жасырмады.



«Қазіргі уақытта Экономикалық тергеу департаменті» Мақтаарал аудандық білім бөлімінің » бухгалтерлеріне қатысты ҚР ҚК 2-тармағының 4-бөлігінің 189-бабы, (мемлекеттік бюджеттен ақша қаражатын ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде», — делінген тергеу департаментінің хабарламасында.

Ал Білім басқармасы марқұм қызметкер туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты. Сондай-ақ, 17 ақпанда әлеуметтік желілерде ведомствоны небәрі 4 ай бұрын басқарған білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевтің ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Әзірге бұл ресми расталмады.

Другие новости

Back to top button