«Таза ойындар»: Coca-Cola компаниясының тағы бір эко-бастамасы

24 қыркүйекте Coca-Cola Icecek Kazakhstan (бұдан әрі — CCI Kazakhstan) және Recycle.Birge компанияларының қолдауы арқасында Қапшағай су қоймасының жағалауында жасыл аумақтарды тазарту бойынша командалық жарыстар ұйымдастырылған «Таза ойындар» өтті. Қатысушылар қалдықтарды жинау және сұрыптау бойынша жарыстарға қатысып, жүлделерге ие болды.
Іс-шараға Компания қызметкерлері, эковолонтерлер мен белсенділер қатарынан 150-ге жуық адам қатысты. 644 кг қалдық жиналды, оның ішінде: 68 кг пластик, 286 кг шыны, 10 кг алюминий және т.б.
«Біз қатысушыларды бірнеше командаға бөлдік. Бір сағатта қай команда көп қалдық жинайтынын анықтаған болатынбыз. Бұл формат қатысушыларға әдеттегі сенбіліктерге қарағанда 10 есе көп қалдықтарды жинауға мүмкіндік береді, өйткені мұнда бәсекелестік бар және адамдар нақты сыйлықтар үшін күреседі, бұл қосымша мотивация береді. Сондай-ақ, командалар 1 сағат ішінде 0,5-тоннадан 20 тоннаға дейін түрлі қалдықтарды жинайтынын атап өткім келеді, — деп атап өтті Пакизат Сайлуабекова, GreenUp.KZ қорының атқарушы директоры және Recycle Birge экологиялық қозғалысының негізін қалаушы. Ол мамыр айында өткен Нева Халықаралық экологиялық конгресіне еліміздің атынан қатысып, сонда «Таза ойындарды» ұйымдастыру бойынша тағылымдамадан өтті.
Қазақстандағы «Таза ойындар» жобасының басты ұйымдастырушыларының бірі CCI Kazakhstan Компаниясы болып табылады. Ол экология, қалдықтарды, оның ішінде пластикті жинау және сұрыптау мәселелерін шешуге өз үлесін бұрыннан бері қосуда.
«Таза ойындар» нәтижелері су қоймаларының жағалауларын, ормандарды тазарту ғана емес, сонымен қатар халықты волонтерлық жұмысқа, экология туралы білім алуға тарту, қалдықтарды жинау және сұрыптау болып табылады. Бұл нәтижелер ESG қағидаттарына, біздің Компания ұстанатын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына лайық, сондай-ақ олар біз қабылдаған міндеттемелерге де сәйкес келеді», — деп бөлісті Алима Исембаева, Coca-Cola Icecek Kazakhstan Компаниясының қоғамдық байланыстар және тұрақты даму жөніндегі директоры.
Соңғы жылдары CCI Kazakhstan өзінің эко-бастамаларының санын көбейтті, мысалы, жақында Компания кеңсе аумағында қалдықтарды қабылдау пунктін іске қосты. Қазірдің өзінде ол 2 500 кг қалдықтарды (800 пластик, 500 шыны, 100 алюминий және 1000-нан астам басқа қалдықтарды) жинауға көмектесті. Сонымен қатар, Компания «3.2.1. Старт!» қалдықтарды, оның ішінде пластикті жинауға және сұрыптауға бағытталған жобаны белсенді түрде жүргізіп келеді. Сондай-ақ осы жоба аясында Компания ел өңірлерінде 6 сенбілік ұйымдастырды, соның арқасында қазіргі уақытта шамамен 2000 кг пластик жиналды.
«Біз өз алдымызға 2030 жылға қарай Компания Қазақстан нарығына шығаратын 100% эквивалентті қаптама көлемін жинау мақсатын қойдық. Әріптестеріміздің, қоғамдастықтың және қызығушылық танытқан қарапайым адамдардың қолдауының арқасында біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізетінімізге сенімдіміз», — деп қорытындылады А.. Исембаева.
CCI туралы
CCI — бұл Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирияда өз жұмысын жасайтын көпұлтты сусындар компаниясы. CCI газдалған және газдалмаған The Coca-Cola Company сусындарды шығарады, дистрибуциямен айналысады және оларды сатады.
CCI компаниясында 10 000-нан астам адам жұмыс істейді. Жалпы алғанда, компания иелігінде 11 елде 30 сусын құю зауыты мен 3 жеміс өңдеу зауыты бар. Ол 430 миллион адамға арналған сусындардың кең ассортиментін ұсынады. Газдалған сусындардан басқа, Компания шырындар, мұздай шай, су, спорттық-энергетикалық сусындар мен кофе шығарады.
CCI акциялары Стамбул қор биржасында (BIST) «CCOLA.IS» таңбасымен сатылады.