Тауық еті, шұжық, балық, ірімшік – Қазақстан тамақ импортынан арыла алмай отыр
Аталған өнімдердің жартысынан көбін Қазақстан басқа мемлекеттерден әкеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ
Сенатта баяндама жасаған үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстан азық-түлікпен 80%-дан 100%-ға дейін өз-өзін қамтамасыз етеді. Оның сөзінше, ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, ұн – бұлардың барлығы ішкі нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде өндіріледі.
– Алайда бірқатар тауар бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр (құс еті – 73%, шұжық өнімдері – 60%, балық – 54%, ірімшік және сүзбе – 57%, қант – 42% – ресми есеп). Бұл мәселе бізге белгілі және оны шешу мақсатында сүт тауарлы фермаларды, өңдеу кәсіпорындарын, құс фабрикаларын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері енгізіліп жатыр, – дейді Жұманғарин.
СУБСИДИЯДАН БАС ТАРТУ
Қазақстан билігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру процесін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың күрделі схемасынан бас тартып жатыр. Енді фермерлер көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау үшін 5% төмендетілген мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие ала алады. Мұндай кредиттің көлемі алғаш рет 580 млрд теңгеден асқан. Ал болашақта бұл көрсеткішті 1,5 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Жұманғариннің сөзінше, биыл көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруді қарашаның соңында басталған. Бұл фермерлерге жанармай, қосалқы бөлшектер және басқа да қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік береді.