АлматыВыбор редакции

«Таудағы елес»: Турист Алматы тауларынан сирек кездесетін құбылысты байқап қалды (видео)

Сирек кездесетін табиғи құбылысты алматылық турист Советов шыңынан байқап қалған. Кадрдан жан-жағы жарықпен қоршалған адамның бейнесін көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бірақ видеоның ешқандай мистикалық мағынасы жоқ. Бұл құбылыс брокендік елес деп аталады. Егер тауда күнге қарама-қарсы жаққа қарайтын болсақ, бақылаушы адамның көлеңкесі бұлттардың немесе тұманның бетіне түседі. Кей жағдайда оны жарықтық сақина қоршап тұрады. Ауа қозғалысына орай көлеңке де қимылдауы мүмкін.

Алайда бұл табиғи құбылыс туралы алматылықтар бұрын-соңды естімегенін айтады.

“Мүмкін мен инстинкті түрде жануарлар деңгейінде қорқыныш сезетін едім.  Бұндай құбылыстар менің қызығушылығымды тудырады деп ойлаймын”, “Мен ешқашан ондай құбылысты көрмеппін. Сенбеймін де. Егер барып расында елес көретін болсам, мүмкін қорқатын едім”, – дейді қала тұрғындары.

Другие новости

Back to top button