Выбор редакцииСоциум

«Тәрбиешінің бәрі бірдей емес…» Балабақшадағы жағдайға жұрт таңдай қақты

Балабақшада балаларға мейірімділік танытқан тәрбиешінің бейнежазбасы жұрт назарына түсті. Тіпті бұл әрекетке ризашылығын білдіріп жатқан жандар өте көп, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан бірнеше баланы бауырына басып, еркелетіп отырған тәрбиешіні байқайсыз. Тіпті қасына жақындаған кішкентай қыздың бетінен сүйіп, құшақтап алады.

 

Өзгенің баласын өзінікіндей ерекше мейіріммен қарайтын тәрбиешілеріміз көп болсын,

— деп жазылған бейнежазбаға.

Тәрбиешінің бұл әрекетіне қатысты жылы пікір жазған жұрт көп. Тіпті бірі интернеттегі сұмдық жағдайлардан гөрі, осындай жақсы әрекеттерді де жариялап тұрса деген пікірін білдірген.

 

«Бір жақсы тәрбиеші шықты-ау, әйтеуір», «Тәрбиешінің бәрі бірдей емес. Көбі балаларын сеніп тапсырмайды», «Осындай жылы сәттер көбейсе, мейірімі жоқ адамдардың жүрегіне иман ұялар», «Әр баланың жүрегінен орын алу — мейірімділіктің белгісі»

— деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін министр Аймағамбетовтің мемлекеттен тапсырыс алатын балабақшаларға қатысты бұйрық шығаранын жазған еді

Другие новости

Back to top button