Госорганы

Тәрбиешілердің жалақысын арттыру, тегін тамақпен қамту: жаңа министр балабақшалардағы бастама жайлы айтты

Қазақстанда тәрбиешілердің жалақысы артады. Сонымен қатар, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз ету қолға алынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында министр Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде 3,7 млн оқушының сапалы білімі мен саналы тәрбиесі, өмірінің қауыпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында тәрбиешінің: әлеуметтік мәртебесін арттыру, біліктілік пен кәсіби адамудың жаңа нысандарын енгізу арқылы кадрлық әлеуетті күшейту, жалақыны орта есеппен 30%-ға арттыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беру мақсатында «педагог көмекшісі» штаттық бірлігі енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз”,- деді ол.

Ол атағандай, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балалар балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз ету қолға алынады.

Другие новости

Back to top button