Госорганы

Тәрбиешілер тарапынан болатын келеңсіздіктерді болдырмау үшін бақылауды күшейту қажет — Ғани Бейсембаев

Тәрбиешілер тарапынан болатын келеңсіздіктерді болдырмау үшін бақылауды күшейту қажет. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің алқа отырысында Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды  Azattyq ruhy.

Министр білім саласында атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы айтты.

“Өткен жылы жаңа 39 мыңға жуық орынға арналған 458 балабақша іске қосылды. Жекеменшік балабақшалардың 93%-на мемлекеттік тапсырыс берілді.

Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ға, ал 3-6 жаста 99,4%-ға артты.

Былтыр балалардың дағдыларын, зерттеу қызметін дамыту және дамытушы орта құру үшін оқу және ойын материалдарының тізбесін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдарды жарақтандыру нормалары бекітілді”,- деді Бейсембаев.

Ол атағандай, былтыр тәрбиешілер тарапынан балаларға қарсы келеңсіздік фактілері орын алды.

“Оларды алдағы уақытта болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдарға бақылауды күшейту қажет. Тәрбие жұмысын күшейту үшін тұжырымдамалық негіздерді әзірлеуді бастадық. Ұлттық тәрбие ұлт болашағын қалыптастырудың қайнар көзі. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» — деген ұлы философ Әл-Фараби. Бұл орайда әр білім мекемесі ең алдымен тәрбие мәселесіне жіті назар аудару қажет. «Үлкенге — құрмет, кішіге-ізет» ұстанымы бала тәрбиесінде жеке орын алуы тиіс. Бұл бағытта барлық балабақша, мектеп, колледж басшылары жұмыс жасауы керек.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда, оның аясында 3,4 млн кітап сатып алынды, 6 мыңнан астам мектеп кітапханасының материалдық-техникалық жағдайы жақсарды»,- деді ол.

Другие новости

Back to top button