Жамбылская область

Таразда жоғалып кеткен кішкентай қыз таңға жуық аулалардың бірінен табылды

Қыз бала ойнап жүріп адасып кеткен

Таразда жоғалып кеткен 8 жасар қыз бір күннен кейін табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Тараз қалалық полиция басқармасының «102» жедел нүктесіне сағат 23:00 шамасында қала тұрғынынан 8 жасар қызының кешкі сағат 18:00 кезінде аулаға ойнауға шығып оралмағанын, өзі іздеп таппағаны жайлы хабарлама түскен.

«Кәмелетке толмаған қызды іздеу жұмыстарына полиция басқармасының жеке құрамы, 30 ерікті азамат, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, кинолог мамандары мен қызметтік иттер жұмылдырылды.

Аталған топпен 7 сағатқа созылған іздеу шараларының нәтижесінде таңғы сағат 7.00 шамасында қыз қала аумағындағы аулалардың бірінен табылды. Ол өзінің ойнап жүріп, байқамай басқа аулаға кетіп қалғанын, кеш батқанда үйіне қайтар жолды таппағанын айтқан», — делінген хабарламада.

Жасы кәмелетке толмаған қыз аман-есен өзінің анасына тапсырылды.

«Жамбыл облысы Полиция департаменті ата-аналарға жасы кәмелетке толмаған балаларының кешкі уақыттарда, аулаға жеке ойнауға шыққан сәтте жіті бақылау жасау керек екенін ескертеді», — делінген хабарламада.

 

 

Другие новости

Back to top button