Выбор редакцииЖамбылская область

Таразда бір адам темір балқытатын пешке құлап, қаза тапты

Тараздағы “Запчасть” АҚ-да қайғылы жағдай болды. Жұмысшы металл балқыту кезінде пешке құлап, тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

10 желтоқсанда болған қайғылы жағдайдың видеосы Instagram — да пайда болды. Онда темір балқытып жүрген жұмысшыларды көруге болады. Сол сәтте жұмысшылардың бірі қызып тұрған пешке темірді итеріп жатып, бүйірінен соққы алады.

Алған соққыдан ол қызып тұрған пешке құлайды. 1972 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button