Социум
Танысы жоқ талант: жүк тасушы болып жұмыс істейтін ер адамның өнері жұртты сүйсінтті
Вокзал ғимаратында пианинода ойнаған ер адамның әрекеті жұртты қайран қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бақтияр есімді ер адамның өнері Facebook желісінде жарияланды. Онда ол адамның «Алматы-2» теміржол вокзалында жүк тасушы болып жұмыс істейтіні айтылған.
«Бала күнімде музыка мектебін бітіргенмін», — дейді жұртты өнерімен қайран қалдырған ер адам.
Видеоның астына желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Бақтияр бауырым әлі кеш емес, сен мынадай дарыныңмен әлі шабасың», «Қор болған талант, фонограммамен айтатын шегірткелерді құрту керек», «Өмірің өтті-ау қор болып», «Қор болған өнер-ай, танылмаған талант-ай, қолдаушы болса ғой», — деп жазды желі қолданушылары.