Культура

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы баспаналы болды

Көпшілікке TikTok  әлеуметтік желісі арқылы танылған Нұрлан Байжігітұлы үйлі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Әлеуеметтік желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының Нұрлан имамның жаңа қонысына шашу шашып келген видеосы тарады.

“Нұрлан имамның үйіне шашу. Қоныс құтты болсын. Үйіңіз берекелі болсын”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары Нұрлан Байжігітұлын қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

“Құтты болсын! Берекелді шаңырақ болсын”, “Қоныс құтты болсын,іші жанға, сырты малға толсын”, “ Қоныс құтты болсын! Шын жүректен қуаныштымын”, “Құтты болсын Нұрлан аға, іші қуанышқа толы болсын”, “Шаңырағыңыз тек шаттыққа толы болсын”, – деп жылы лебізін білдірді желідегілер.

 

Другие новости

Back to top button