ОтношенияСоциум

Тәліптер қыз балалардың акушерлік мамандық бойынша білім алуына тыйым салды

BBC-дің жазуынша, акушерлік және медбикелікке дайындық курсында оқып жүрген қыздардың енді сабаққа баруына тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ, дегенмен 2021 жылғы тамызда қыз балалардың орта және жоғары білім алуына тыйым салу саясатының бір ұшы болуы мүмкін.

Тәліптер «оқу бағдарламасы толықтай шариғат талаптарына сәйкестендірілген кезде, қыздарды қайта мектепке аламыз» деп талай рет уәде берген, бірақ орындамаған.

Талибан қыз балаларды білім алудың тағы бір мүмкіндігінен айырды. Елде бала босандыру ісімен тек әйелдер айналысады, сондықтан акушерлік пен медбикелік – білім алуға рұқсат берілген аз мамандықтың бірі.

Акушерлік пен медбикелік курсын оқып жүрген 17 мың әйелдің ендігі тағдыры белгісіз.

ДДҰ мәліметі бойынша, Ауғанстан ана өлімі бойынша әлемдегі ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Другие новости

Back to top button